Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі US Open-2020 додасын жеңіспен бастады

Елена Рыбакина. Сурет: olympic.kz©
Қазақстанның нөмірі бірінші теннисшісі Елена Рыбакина Нью-Йорк қаласында басталған АҚШ-тың ашық біріншілігі US Open турнирін жеңіспен бастады,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Турнирдің бірінші айналымында Рыбакина украиналық Катарина Завацкаямен кездесіп, 2:0 (6:3, 6:0). есебімен жеңіске жетті. Ойын бір сағат он минутқа созылды. 

Екінші айналымда отандасымыз америкалық Шелби Роджерспен кездеседі. Ол өз кезегінде бірінші айналымда ресейлік Ирина Хромачевадан 2:0 (6:2, 6:2) есебімен айласын асырды. 

Рыбакина мен Роджерс арасындағы ойын 2 қыркүйек күні өтеді. 





Метки: