Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Australian Open турнирінің үшінші айналымына өтті

©ҚТФ

Жұптық сында Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майамен бірге Australian Open турнирінің 1/8 финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Екінші айналымда Данилина мен Майа чехиялық Тереза Мартинцова мен Маркета Вондроушовадан үстем түсті. Ойын бір сағат 39 минутқа жалғасты. 

Бірінші сетті чехиялық теннисшілер 6:4 есебімен жеңген еді. Екінші және үшінші сетті Данилина мен Майа 6:3, 6:2 есебімен өз пайдаларына аяқтады. 

Енді бұл теннисшілердің қарсыластары ертең, 22 қаңтар күні анықталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: