Жұптық сында Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майамен бірге Australian Open турнирінің 1/8 финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Екінші айналымда Данилина мен Майа чехиялық Тереза Мартинцова мен Маркета Вондроушовадан үстем түсті. Ойын бір сағат 39 минутқа жалғасты.
Бірінші сетті чехиялық теннисшілер 6:4 есебімен жеңген еді. Екінші және үшінші сетті Данилина мен Майа 6:3, 6:2 есебімен өз пайдаларына аяқтады.
Енді бұл теннисшілердің қарсыластары ертең, 22 қаңтар күні анықталады.