Қазақстандық теннисші WTA рейтингінде үздік жиырмалыққа қосылды

©olympic.kz

Халықаралық әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы жаңартылған рейтингті ұсынды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Жекелей сында қазақстандық теннисшілер арасында ең жоғары орында - Елена Рыбакина. Ол жаңартылған рейтингте екі саты көтеріліп, 24-орынға жайғасты. Юлия Путинцева болса жеті саты төмен сырғып, 55-орынға түсті. Жібек Құланбаев - 414 (16 саты жоғары), Анна Данилина - 461 (16 саты төмен), Зарина Дияс - 499 (144 саты төмен) орналасқан. 

Үздік үштікте ешқандай өзгеріс жоқ. Ига Швентек (Польша) бірінші, Онс Жабер (Тунис) екінші, Анетт Контавейт (Эстония) үшінші орында тұр. 

Жұптық сындағы Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина екі саты жоғарылап, WTA рейтингінде 19-орынға көтерілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: