Қазақстандық теннисші оңбай жеңіліп US Open турнирінен шығып қалды

Зарина Дияс. Сурет: usopen.org
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан US Open турнирінің бірінші айналымынан өте алмады,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Әлемдік рейтингте 60-орында тұрған отандасымыз турнирдің бірінші айналымында 61-орында тұрған америкалық Бернарда Перамен кездесіп, жеңіліп қалды. Қазақстандық теннисші тек бірінші сетте ғана қарсылық білдіре алды. Бірақ тай-брейкте 6:7 (4:7) есебімен ұтылды. Екінші кезеңде Дияс бірде-бір сет ала алмай 6:0 болды.

Бұл кездесу бір сағат 47 минут болды. Ойын барысында Дияс бір эйс жасап, екі мәрте допты ойынға қосу кезінде қателесті. 

Еске салайық, бұған дейін US Open додасының бірінші айналымынан өзге отандастарымыз Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өткен еді. 

Ал ерлер арасында Михаил Кукушкин бірінші кезеңде жеңіске жетсе, Александр Бублик жеңіліп қалды. 







Метки: