Қазақстандық теннисші Australian Open турнирін жеңіспен бастады
17 жастағы қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова жұптық сында Australian Open турнирінің екінші айналымына шықты. Мельбурндегі турнирдің жастар арасындағы бәсекесінде отандасымыз ресейлік теннисшімен жұп құрған, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Бірінші айналымда Сағандықова мен ресейлік Екатерина Хайрутдинова жұбы Мирра Андреева (Ресей) мен Мальвина Ровинскиді (Польша) 6:3, 6:4 есебімен ұтты.
Ойын бір сағат үш минут болды. Енді Сағандықова мен Хайрутдинова екінші кезеңде грекиялық Михаэла Лаки мен Димитра Павловаға қарсы ойнайды.
Айта кетейік, Аружан жекелей сындағы аталған түрдің бірінші айналымында ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды.
Жарнама