Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің 1/8 финалында әйгілі америкалық теннисші Серена Уильямсты жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
1 сағат 20 минутқа жалғасқан кездесу 6:3, 7:5 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. Бұл 21 жастағы Рыбакина мен 39 жастағы америкалық арудың бірінші кездесуі болатын. Франция ашық біріншілігіне Елена 21 нөмірлі теннисші ретінде тіркелсе, Серена жетінші нөмірлі болды.
Енді "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалында отанасымыз ресейлік Анастасия Павлюченковмен кездеседі. Орайы түскенде айта кетейік, бұл екі теннисші жұптық сайыста бірге өнер көрсетеді.
Жұптық сында олар америкалық Николь Меликар мен нирерландылық Деми Схурсқа қарсы ойнайды. Ал өзара бұл арулар арғы күні матч өткізеді.