auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстандық қыз әлемнің үздік 20 теннисшінің қатарына енді

Осыған дейін Қазақстанның өкілдері үздік жиырмада болған емес.

Қазақстандық қыз әлемнің үздік 20 теннисшінің қатарына енді
Қазақстанның бірінші ракеткасы 20 жастағы Елена Рыбакина Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы WTA Premier турнирінің қорытындысы бойынша Әйелдер теннис қауымдастығының рейтингісінде 19-орынға көтеріледі, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстан үшін бұл тарихтағы ең жоғары жетістік. Осыған дейін Қазақстанның өкілдері үздік жиырмада болған емес.

Айта кетейік, ұзақ уақыт бойы WTA рейтингісінде Қазақстанның рекорды 25-орын болды, оған 2012 жылғы 29 қазанда Ярослава Шведова көтерілген еді, ал 2020 жылғы 29 қаңтарда Рыбакина бұл жетістікті қайталады.

Еске салайық, турнирдің жартылай финалында Рыбакина Грециядан келген Мария Саккариді жеңді (3:6, 7:5, 6:1). Қазіргі уақытта ол әлемнің 25-ракеткасы, бірақ келесі рейтингте алты сатыға көтеріліп, WTA-да Қазақстанның жаңа рекордын орнатады.

Сонымен қатар, Рыбакина 2020 жылы WTA турнирінің финалына үш рет шықты, енді спорттық мансабындағы ұйымның үшінші атағын ұтып алуына мүмкіндік бар. St. Petersburg Ladies Trophy финалына қазақстандық спортшының қарсыласы Нидерланд елінің ракеткасы Кики Берте немесе ресейлік Екатерина Александрова болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар