WTA
26 қыркүйек 2022 15:20

Жапониядағы жеңілістен кейін Елена Рыбакинаның WTA рейтингінде орны өзгерді

©РИА Новости/Алексей Филиппов

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның жаңартылған WTA рейтингіндегі орны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Өткен аптаның қорытындысы бойынша Рыбакина рейтингте үш саты төмен түсіп, 25-орынға жайғасты. Айта кетейік, отандасымыз Жапонияның Токио қаласындағы турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалған болатын. 

WTA рейтингінің көшбасында польшалық теннисші Ига Швентек тұр. Тунистік Онс Жабер екінші, ал испаниялық Пауло Бадоса болса үшінші орында. 

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева болса бір саты төмен сырғып, 42-орынға орналасыпты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport