Елена Рыбакинаның Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open турниріндегі екінші қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі екінші айналымда Қытай өкілі Шуай Чжанмен кездеседі. Ол бірінші айналымда Виктория Голубичтен (Швейцария) 6:3, 6:4 есебімен айласын асырды.
Аталған кездесу 20 қаңтар күні өтеді. Қазіргі уақытта Рыбакина WTA рейтингінде 12-орында болса, Чжан 74-сатыға жайғасқан.
Еске салайық, Рыбакина Australian Open турнирінің бірінші айналымында өзге қазақстандық Зарина Диястан үстем түскен еді.