Украиналық теннисші Леся Цуренко Портороже (Словения) қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалында қазақстандық Елена Рыбакинамен ойнаудан бас тартты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Цуренконың бұл ойынға неге шықпағаны белгісіз. Осылайша, Рыбакина турнирдің жартылай финалына шықты.
Жартылай финалда Рыбакина "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы Ана Богдан (Румыния) - Беатрис Хаддад-Майя (Бразилия) арасындағы кездесудің үздігімен кездеседі.