Елена Рыбакина карьерасында тұңғыш рет "Ролан Гаррос" турнирінің төртінші кезеңіне шықты

Сурет: WTA

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Франция ашық біріншілігі "Ролан Гаррос" турнирінің төртінші айналымына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

16/1 финалда қазақстандық теннисші ресейлік Елена Веснинамен кездесті. 1 сағат 5 минутқа жалғасқан бұл кездесуде Рыбакина 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, 8/1 финалға шықты. 

Енді төртінші айналымда отандасымыз америкалық Серена Уильямс пен Даниэдь Роуз Коллинз арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды. 

Метки: