Елена Рыбакина жұптық сында "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалына шықты

Елена Рыбакина. Сурет: WTA©

Елена Рыбакина жұптық сында "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Франция ашық біріншілігінде ресейлік Анастасия Павлюченковпен жұптасып ойнап жүр. Олар 1/8 финалда Николь Меличар (АҚШ) және Деми Схюрс (Нидерланды) кездесіп, екі сетте 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, сейсенбі, 8 маусым күні Рыбакина мен Павлюченкова жекелей сында өзара кездесіп, жартылай финалдың жолдамасына таласады. 

 

Метки: