Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үздік бес теннисшінің қатарына қосылды

©Olympic.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина эйс көрсеткіштері бойынша әлемнің үздік бес теннисшісінің қатарына қосылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Relevant Tennis | Stats & Info порталының мәліметі бойынша, Рыбакина биыл 305 эйс тіркеген екен. Осылайша, отандасымыз рейтингте екінші орында тұр. Орташа есеппен Рыбакина әрбір ойында 5,98 эйс жасайды. 

Эйс жасау көрсеткіші бойынша үздік бестік мынадай: 

Каролин Гарсия (Франция) - 345 (6,27 )
Елена Рыбакина (Қазақстан) - 305 (5,98)
Каролина Плишкова (Чехия) - 249 (6,92)
Чжэн Сайсай (Қытай) - 230 (6,21)
Людмила Самсонова (Ресей) - 230 (5,60).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport