Билли Джин Кинг кубогінде Германияға қарсы ойнайтын Қазақстан теннисшілері анықталды
Теннистен Билли Джин Кинг кубогінде Германияға қарсы іріктеу ойынына қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталды, деп жазады Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Теннистен Билли Джин Кинг кубогінде Германияға қарсы іріктеу ойынына қатысатын Қазақстан құрамасы жасақталды, деп жазады Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Ярослава Шведова бастаған Қазақстан құрамасының бапкерлері бұл ойынға мына теннисшілерді шақырды: Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 20-орын), Анна Даннилина (WTA жұртық рейтингтінде 22-орын), Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 47-орын), Зарина Дияс (WTA рейтингінде 110-орын) және Жібек Құланбаев (WTA жұптық рейтингінде 297-орын).
Бұл ойындар 15 және 16 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық теннис орталығында арнайы жасалған топырақты кортта өтеді.
Жарнама