Әлемнің бірінші ракеткасы "Ролан Гаррос" турнирінен шығып қалды
Әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісі автстралиялық Эшли Барти "Ролан Гарростың" екінші айналымында польшалық Магда Линеттен жеңіліп, жарыстан шығып қалды, деп жазады Vesti.kz порталы.
Әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісі автстралиялық Эшли Барти "Ролан Гарростың" екінші айналымында польшалық Магда Линеттен жеңіліп, жарыстан шығып қалды, деп жазады Vesti.kz порталы.
Бұл ойынның бірінші сетін Линетт 6:1 есебімен жеңді. Ал екінші сетте есеп 2:2 болып тұрғанда Барти жарақатына байланысты кездесуді жалғастырудан бас тартты. Ойын барысында Эшли екі эйс жасап, допты ойынға қосу кезінде төрт рет қателесті. Линетт болса төрт эйс жасап, допты ойынға қосу кезінде қателеспеді.
Енді 4 маусым күні Линетт тунис елінің теннисшісі Онс Жабермен кездеседі. Ол өз кезегінде 1/32 финалда австралиялық Астра Шарманы 6:2, 6;4 есебімен жеңді.
Айта кетейік, бұл турнир барысында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина карьерасында бірінші рет үшінші айналымға өтті. Элизе Мертенс.
Жарнама