Күрес түрлері
Бүгін 17:32

UWW қазақстандық балуандардың қортынды рейтингін жариялады

©ҚР ҰОК

Күрес түрлерінен маусым қорытындысы бойынша Біріккен күрес әлемі (UWW) үздік балуандардың рейтингін жариялады.

Еркін күрестен қазақстандықтардың ішінде үздік үштікке ең жақын болған - Асылжан Есенгелді (61 келіге дейін). Маусым қорытындысы бойынша ол 39 200 ұпаймен 4-ші орынға көтерілді. Камиль Куруглиев (92 келіге дейін) 8-ші орынға жайғасса, Нұрқожа Қайпанов (70 келіге дейін) 9-шы орында маусымды аяқтады.

Грек-рим күресінен төрт бірдей балуанымыз үздік ондықтың қатарында тұр. 2025 жылғы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали (60 келіге дейін) әлемдік рейтингтің 5-ші сатысына көтерілді. Оның еншісінде 45 000 ұпай бар. 

Мерей Мәулетқанов (72 келіге дейін) және Ислам Евлоев маусымды 6-шы орында аяқтаса, Әлімхан Сыздықов (130 келіге дейін) 10-шы орынға жайғасты.

Әйелдер күресінен үш балуанымыз Біріккен күрес әлемінің рейтингісінде ондыққа енді. Соның ішінде Жәмиля Бақбергенова (72 келіге дейін) үздік үштікке енуге жақын болды. Ол 31 500 ұпаймен 6-шы орында маусымды аяқтады. Виктория Хусаинова (59 келіге дейін) 9-шы сатыға тұрақтаса, Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) 10-шы орынға ие болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport