Үш қазақстандық балуан жол апатынан қайтыс болды

Ілияс Жұмай. Сурет: instagram.com/ilyaszhumay
Еркін күреспен айналысатын үш қазақстандық балуан жол көлік апатынан қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының Instagram парақшасында жазылды. 

Оқиға 3 тамыз күні болған. Қолда бар мәлімет бойынша, апат Жамбыл облысында болған. Оқиға болған жерде Жақсыбек Қарабалаев пен Байбазар Жанбота қайтыс болған. 

Бүгін, 4 тамыз күні Ілияс Жұмай қайтыс болыпты. Ол Халықаралық дәрежедегі спорт шебері еді. Сондай-ақ, 23 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионатының жеңімпазы. 

Ал Заутбек Нұрдәулет пен Шыңғысхан Мұхаметқалиев емханада, ауыр халде жатыр. 






Метки:
Жаңалықтар