Тұрлыханов Алматыдағы оқиға жайлы: таксисттің ұлымен мұндай шу болмайды

©tengrinews.kz

Қазақстандық белгілі балуан Дәулет Тұрлыханов ұлымен болған дау-дамай туралы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Динара Сәтжанның YouTube арнасына берген сұхбатында Тұрлыханов оқиғаға қатысты шу оның атына байланысты көтеріліп кеткенін айтты. 

Атақты спортшының ұлы Алматыда әйел адам мен күйеуін соққыға жыққан

"Жасы 18-де емес, ол 2003 жылғы. Қызымен бірге түнгі клубқа барыпты, он екілер шамасында оқиға болған. Мұндағы бір гәп - оның Тұрлыхановтың ұлы болғандығында. Содан міне осындай шу. Егер ол такси немесе автобус жүргізушісінің ұлы болса, мұнша шу болмас еді. Әрине мен оның көшеде төбелескенін құптап тұрған жоқпын. Онсыз да менен сазайын алды. Мен оған: "Неге ұятқа қалдырасың?" деп ақсақал ретінде айттым. Оның сөзі: "енді солай...". Енді тергеу органдары айналыссын", - дейді Тұрлыханов. 

- Сіз оған сазайын сол күні бердіңіз бе, қашан білдіңіз?

- Ол мұны жасырып жүрді, білген кезде сыбағасын алды. Біз де жас кезде төбелестік, жас кезде ондай болады ғой. Ал енді одан сонша шу шығарып, әкесі анандай деп... Отанын мен сияқты сүйетіндер аз. Әрине қазақ жастарының мықты болғанын қалаймын. 

- Балаларыңыздың барлығы спортта ма? Төбелескен ұлыңыз да балуан ба?

- Ол дзюдомен айналысады, иә. Бірақ бәрі емес. Үлкені бапкер, Алматының жастарын жаттықтырады. Екіншісі мемлекеттік қызметте, ол да дзюдомен айналысқан. Кіші ұлым айтады: "Болды әке, мұндай енді болмайды деп". Солай уәде берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар