Тарихи жеңіске жеткен қазақ балуанға қатысты тосын дерек жария болды
Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 92 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Қазақстан үшін тарихи жүлдені жеңіп алған спортшымыздың өмірінен қызықты дерек белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінен хабарлағандай, 19 жастағы Ризабек Қазақстан ұлттық гвардиясында сарбаз екен.
"Кеңес Одағының батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы алматылық 5571 бөлімінің сарбазы, қатардағы Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды.
Қатардағы Ризабек Айтмұхан Солтүстік Қазақстан облысы, Уалихан ауданындағы Кішкенекөл ауылының тумасы. Әскери борышын өтеуге биыл жазда Алматыдағы ұлттық гвардия сапына шақырылды", - деп хабарлайды ІІМ.
Жарнама