23 жастағы Талғат Сырбаз Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Моңғолиядағы біріншілікте отандасымыз 70 келіге дейінгілер арасында 32 жастағы ирандық Мохаммадмехди Мослем Еганехомжафариден айласын асырды. Есеп 4:0. Өткен жылы Сырбаз Алматыда өткен сары құрлық додасында Азия чемпионы атанған еді.
Еске салайық, осыған дейін еркін күрестен финалға шыққан тағы бір отандасымыз Рахат Қалжан күміспен күптелді.