Талдықорғанда дзюдодан халықаралық турнир аяқталды
Талдықорғанда дзюдодан 23 жасқа дейінгілер арасында Наурыз мейрамына арналған халықаралық турнир мәресіне жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Талдықорғанда дзюдодан 23 жасқа дейінгілер арасында Наурыз мейрамына арналған халықаралық турнир мәресіне жетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Жастар" спорт сарайындағы биылғы жарысқа еліміздің барлық өңірінен бөлек, көрші Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елінің де татами шеберлері жиналды.
Дәстүрлі турнирдің қорытындысы бойынша әйелдер арасында 48 келіде Аяна Дүйсенбай алтыннан алқа тағынса, 52 келі салмақта Аружан Ережепова бірінші орын иегері атанды. 57 келіде Алима Жұмағалиеваның мерейі үстем болды. 63 келіге дейінгілер арасында Эсмигүл Куюлова қарсылас шақ келтірмеді. 70 келіде Ақмола өкілі Анастасия Маякова алдына жан салмаса, 78 келі мен 78 келіден жоғары салмақтарда Сымбат Дүйсенбай мен Аида Тойшыбекова үздік деп танылды.
Ерлер арасында әр алмақ дәрежелерінде Шерзод Давлатов, Әділет Алмат, Ислам Тоқтасын, Жалғас Қайролда, Дархан Жүнісханов, Бексұлтан Әнуарұлы және Симық Жапаров жеңіс тұғырының биік сатысына көтерілді.
Жарнама