Біріккен күрес әлемі еркін күрестен жылдың қорытынды рейтингін жаңартты. 10 салмақ дәрежесі бойынша қазақстандық үш балуан рейтингте үздіктер қатарына еніп отыр, деп хабарлайды 1bol.kz.
Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан 92 келіде әлем бойынша көш бастады. Белградта өткен әлем біріншілігінде көш бастаған отандасымыз бүгінде бәсі биік балуандар қатарында. UWW тарапы отандасымызды үздік деп тануына оның бозкілемдегі ерекше шеберлігін ескерген.
86 келіде әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков өз салмағында екінші сатыға жайғасты. Париж олимпиадасына жолдама иеленген ол тек санмаринолық М.Аминені ғана алға жіберген.
Ал 79 келіде атыраулық Болат Сақаев бұл тізімде төртінші орынға жайғасты. Әлем чемпионатында бесінші орынға ие болған ол Азия бойынша үздіктер көшінің басында тұр.