Санжар Серікхан грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін өткен белдесуде жеңіліс тапты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жұбаныш белдесуінде жапон Такихито Цурудодан айласын асыра алмады. Өкінішке қарай, отандасымыз кездесу барысында 5:0 есебімен ұтып жатқан. Алайда табандылық танытқан күншығыс елінің өкілі есепті 6:6 дейін жеткізіп, шешуші сәтте қола медальді Жапонияға алып кетті.
Осыған дейін Ұлан Батырдағы сары құрлық додасында Мейіржан Шермаханбет 67 келіде алтын алса, 72 келі салмақта Абылайхан Әмзеев күміспен күптелді. Сонымен қатар, Ернұр Фидахметов 60 келіге дейінгілер арасында қола жүлдені қанағат тұтты.