Борьба
28 қазан 16:05

Ризабектен өзге 29 қазақстандық баулан әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

©Спортты дамыту дирекциясы

Күрес түрлерінен Албания астанасы Тиранада 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жарысты Ризабек Айтмұхан жеңіп алған алтын жүлдемен ғана аяқтады, деп хабарлайды msports.kz сайты. 

Грек-рим күресінен сынға түскен балуандардың бірде-бірі жүлдеге талас жүргізе алмады. Балуан қыздар да жүлде еншілей алмады. Лаура Ғаниқызы, Алина Ертөстік пен Зейнеп Баянова 5-орын алды. Осылайша, ұлттық құрама сапында барған 30 балуанның 29-ы жүлдесіз қайтты.

 
Жалғыз алтын медальды еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан иеленді. Сондай-ақ Алан Оразбеков 5-орыннан көрінді. Нәтижесінде, еркін күрес құрамасы жалпы есепте 8-орыннан көрінді. 

Бүгін Тиранада ересектер арасындағы (олимпиадалық салмақта емес) әлем чемпионаты басталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport