Қазақстандық балуандар Түркиядағы халықаралық турнирде екі алтын, бір күміс медаль еншіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Нұрқожа Қайпанов (74 кг) пен Ризабек Айтмұхан (97 кг) Yasar Dogu халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Екеуі де финалда болгариялық балуандардан басым түсті.
Ал 92 келіде сынға түскен Азамат Дәулетбеков күміс жүлдені қанағат тұтты. Ол әзербайжандық балуаннан 3:0 есебімен жеңілді.
Жарнама