Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының финалында белдеседі

©Instagram/rr1zabek

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақта финалға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ризабек жартылай финалда үндістандық балуанды 13:0 есебімен жеңді. Осылайша, Ризабек қатарынан екінші рет құрлық додасының финалына жолдама алып отыр. Финалда Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақтағы әлем чемпионы Ахмед Тажудиновпен белдседі.

Бұған дейін екі балуан Түркиядағы халықаралық турнирде кездесіп, Тажудинов жеңіске жеткен болатын.

57 келідегі Мейрамбек Қартбай жартылай финалда жапон балуанына есе жіберіп, қола медальға күресу мүмкіндігін алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар