Күрес түрлері
Кеше 18:23

Ресейде ешкімді бет қаратпаған Бақбергенова алтын жеңіп алды

©UWW

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәмилә Бақбергенова Ресейдің Красноярск қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.

Отандасымыз дәстүрлі Иван Ярыгин кубогында 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда жеңіске жетті.

Шешуші белдесуде Бақбергенова Болртунгалаг Зоригтты (Моңғолия) жеңді. Нұрзат Нұртаева (Қырғызстан) мен Ксения Буракова (Ресей) үшінші орын алды.

Айта кетейік, бұған дейін бұл турнирде Лаура Алмағанбетова (55 келіге дейін) мен Виктория Хусаинова (59 келіге дейін) күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport