Еркін күрестен Қазақстан құрамасының мүшесі Рахат Қалжан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Моңғолия астанасында өтіп жатқан сары құрлық додасында отандасымыз 57 келінің финалында Токио ойындарының күміс жүлдегері үндістандық Рави Кумарға есе жіберді. Есеп 2:12.
Еске салайық, 24 жастағы Кумар 2020 жылы Нью-Делиде, 2021 жылы Алматыда және Ұлан Батырдағы биылғы додада топ жарып, Азияның үш дүркін жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, ол 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатының күміс жүлдесін мойнына таққан.