Poland open турнирінде тағы үш медаль алатын мүмкіндік бар

сурет: REUTERS

Еркін күрестен Польша астанасында өтіп жатқан халықаралық турнирде үш бірдей отандасымыз қола жүлдеге таласқа түседі.

Олардың арасында 61 келіде Нұрислам Санаев Ираннан келген Реза Атринагхарчимен өзара мықтыны анықтаса, 74 келіге дейінгілер арасында Данияр Қайсанов украиналық Семен Радуловпен белдеседі. Ал 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Юсуп Батырмұрзаев мысырлық Эсиф Хемидамен күш сынасады. Дәстүрлі турнир маусымның 14-і мәресіне жетеді.

Метки:
Жаңалықтар