"Папаға бәрібір Азияны ұтсаң да". АЧ-де сенсация жасаған Бақбергеновның үй шаруасындағы видеосы тарады

©Instagram

Моңғолия астанасында өткен күрес түрлерінен Азия чемпионатында қырғызстандық әйгілі Мээрим Жұманазарованы жеңіп, алтын жүлдемен оралған Мадина Бақбергенованың қарапайым өмірінен видео үзінді жария етілді, деп хабарлайды Vesti.kz

Фейсбук желісіндегі Біз және Спорт тобында жарияланған видеода 68 келіде Азия чемпионы атанған Мадина Бақбергенованың сиыр сауып отырған видеосын көруге болады

Сенсация! Қазақ қызы финалда әлем чемпионын жықты

"Папаға бәрібір Азияны ұтсаң да, жұмыс істетіп қояды", - дейді видеоны түсіріп тұрған адам (Мадинаның інісі болса керек). 

Ал Азия чемпионының жауабы мынадай болды: "Әкеге түсіндіре алмайсың". 

Видеоны әлеуметтік желіге жүктеген Анық Көкенайұлының түсіндірмесінде "4 күн бұрын Азия чемпионы атанып, кеше ғана елге оралған Мәдина Бақбергенова бүгін өз үйінде сиыр сауып отыр" делінген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Показать комментарии
Жаңалықтар