Өзбектің атақты балуанын жеңген қазақ Азия чемпионы атанды

©dknews.kz

Еркін күрес стилінде белдесетін қазақстандық балуан Болат Сақаев Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

79 келі салмақтың финалдық белдесуінде Болат Өзбекстаннан келген Олимпиаданың қола жүлдегері, әлем чемпионаты, Азия біріншіліктері мен Азиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері Бекзод Абдурахмоновты жеңді. 

Бұл Қазақстан қоржынына түскен бесінші алтын жүлде. Мұның алдында грек-рим күресінен Ибрагим Магомадов, еркін күресте Санжар Досжанов, бұрымдылардан еркін күресте Элмира Сыздықова және Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионы атанған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар