Дзюдодан ел астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатында отандасымыз Севара Нышанбаева қола жүлде үшін өткен белдесуде өзбек қызынан жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
57 келіге дейінгілер арасындағы белдесуде Нысанбаева Нилуфар Ермағанбетоваға есе жіберді. Ермағанбетова иппон әдісімен жеңіске жетті.
Осыған дейін 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев пен 60 келіде Мағжан Шамшадин Азия чемпионатының қола медалін мойнына тақса, 48 келіге дейінгілер арасында Абиба Абужақынова күміспен күптелді.