Қазақстандық балуан Өсімжан Дастанбек Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финал жолдамасы сарапқа салынған белдесуде отандасымыз украиналық Андрей Джелеппен кездесті.
Нәтижесінде Өсімжан Дастанбек 3:1 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының келесі айналымына шықты.
Жарнама