Борьба
4 желтоқсан 2021 13:59

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Садуллаев кезекті рет жеңіске жетті

©mk

Еркін күрестен Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Абдулрашид Садуллаев "АЛРОС Кубогі – Мәскеу Гран-Приі" турниріне қатысты. 97 келіге дейін салмақ дәрежесінде ол македониялық Магомедгаджи Нуровпен белдесті.

Алғашқы секундтардан бастап белсенділік танытқан Садуллаев 5:1 есебімен жеңді. Аталмыш кеште грек-рим мен еркін күрес өнерінің шеберлері үш салмақтан қатысса, сонымен қатар, әйелдер күресі мен грэпплинг спортшылары да бақтарын сынады.

Еске салайық, Садуллаевта Жазғы ойындардан бөлек әлемнің бес дүркін чемпионы деген атағы бар. Сонымен қатар, ол Еуропа чемпионатының төрт дүркін чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport