Борьба
16 сәуір 2024 11:14

Олимпиадалық салмаққа ауысқан қазақстандық балуан АЧ-де қола жеңіп алды

©

Қазақстандық балуан Ибрагим Магомадов Бішкектегі күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жеңіп алды.

77 келіде белдесетін Қазақстан құрамасының балуаны Ибрагим қола үшін белдесуде ирандық қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті. Магомадов бұл жарыста бозкілем қожайыны Ақжол Махмұдовтан жығылған еді.

Азия қоласы 33 жастағы Ибрагимнің жаңа салмақтағы алғашқы жетістігі. Былтырғы Азия чемпионатында Ибрагим Магомадов 72 келі салмақта жеңімпаз атанған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport