Олимпиада чемпионынан асып түсті. Қазақ балуан әлемдік рейтинг шыңына шықты

©Instagram/azamat_dauletbekov

Еркін күрес стилінде белдесетін қазақстандық балуан Азамат Дәулетбеков Бішкекте өткен Азия чемпионатындағы жеңістен кейін әлемдік рейтингте көш бастады, деп жазады Vesti.kz.

АЧ финалында ол өзбекстандық Джабраил Шапиевті жыққан болатын. 

Осы жеңіс арқасында Азамат 86 келідегі әлемдік рейтингте 52400 баллмен бірінші орынға шықты. Осы арқылы 2020 жылғы Олимпиаданың чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы (2018, 2022, 2023) Дэвид Тейлордан асып түсті. Америкалық балуан 45000 ұпаймен екінші орында. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар