Олимпиада чемпионы грек-рим құрамасын жаттықтыратын болды

©Shutterstock/FOTODOM

Юрий Мельниченко грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Vesti.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл қызметке ол Спорт және дене шынықтыру комитетінің қаулысымен тағайындалды. 

Айта кетейік, 51 жастағы Мельниченко Қазақстан тәуелсіздік алғалы грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы атанған жалғыз чемпион. Сонымен бірге, ол Азия және әлем чемпионаттарында топ жарған. 

Бұған дейін ол 2000-2004 жылдар аралығында ұлттық команданы жаттықтырған. Ал 2022 жылдан бері кеңесші бапкер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар