Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері атанды

©ҚР ҰОК

Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

31 жастағы Тұрсынов қола жүлде үшін белдесуде қырғызстандық Мелис Айтбековті (7:2) жеңіп, карьреасында екінші рет сары құрлық додасында жүлдеге ілікті.

2015 жылы Нұрсұлтан Тұрсынов Катардағы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

Еске салайық, күрес түрлерінен Ұлан Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатында Аманғали Бекболатов (55 келі), Мейрамбек Айнағұлов (63 келі) және Мақсат Ережепов (77 келі) құрама қоржынына күміс медаль салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар