Нұрдәулет Шертім панкратион федерациясында қызметке тағайындалды

Нұрдәулет Шертім. © instagram.com/nurdaulet_shertim

"Казахи" көңілді тапқырлар клубының мүшесі Нұрдәулет Шертім Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясы жаппай спортты дамыту және қоғаммен байланыс директоры қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Нұрдәулет Шертім жаңа қызметке тағайындалуына қуанышты екенін және осы спорт түрін дамытуға барын салатынын жасырмады. 

"Менің жұмысым осы спорт түрін дамыту және қазақстандықтар үшін осы жекпе-жектің маңызды оқиғалары туралы ақпарат бер. Бұл қауіпсіз спорт түрі. Жастардың жаман іскен айналыспағаны дұрыс, спортпен шұғылдану қажет", - деді ол.

"Казахи" көңілді тапқырлар клубының мүшесі өзі де спортпен шұғылданатынын айтты. Ол бокс, самбо, күрес және панкратионмен айналысады екен. 

Оның осы қызметке тағайындалуымен Тobet top team жекпе-жек академиясының өкілдері әлеметтік желіде құттықтады. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TOBET_TOP_TEAM???????????? (@tobet_top_team)

10 Июл 2019 в 11:16 PDT

"@nurdaulet_shertim Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясы жаппай спортты дамыту және қоғаммен байланыс директоры қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз", - делінген жазбада. 


Нұрдәулет Шертім отбасымен.

Қарашаның 1-5 аралығында Италияда панкратионнан чемпионат өтеді. Оған 25 қазақстандық балуан қатысады. 

Метки:
Жаңалықтар