"Казахи" көңілді тапқырлар клубының мүшесі Нұрдәулет Шертім Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясы жаппай спортты дамыту және қоғаммен байланыс директоры қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұрдәулет Шертім жаңа қызметке тағайындалуына қуанышты екенін және осы спорт түрін дамытуға барын салатынын жасырмады.
"Менің жұмысым осы спорт түрін дамыту және қазақстандықтар үшін осы жекпе-жектің маңызды оқиғалары туралы ақпарат бер. Бұл қауіпсіз спорт түрі. Жастардың жаман іскен айналыспағаны дұрыс, спортпен шұғылдану қажет", - деді ол.
"Казахи" көңілді тапқырлар клубының мүшесі өзі де спортпен шұғылданатынын айтты. Ол бокс, самбо, күрес және панкратионмен айналысады екен.
Оның осы қызметке тағайындалуымен Тobet top team жекпе-жек академиясының өкілдері әлеметтік желіде құттықтады.
Публикация от TOBET_TOP_TEAM???????????? (@tobet_top_team)
10 Июл 2019 в 11:16 PDT"@nurdaulet_shertim Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясы жаппай спортты дамыту және қоғаммен байланыс директоры қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз", - делінген жазбада.
Нұрдәулет Шертім отбасымен.
Қарашаның 1-5 аралығында Италияда панкратионнан чемпионат өтеді. Оған 25 қазақстандық балуан қатысады.