Нұрдәулет алтынға күреседі. Қазақстан құрамасы Уфіде екі жүлде жеңіп алды
Сурет: instagram.com/kazakhstan__wrestling/
Уфіде өтіп жатқан жастар арасындағы күрестен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Уфіде өтіп жатқан жастар арасындағы күрестен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жүлделі болғандар еркін күрес стилінде белдесетін - Асылжан Есенгелді мен Бекзат Ермекбай.
57 келі салмақта үшінші орын үшін белдесуде Асылжан әзербайжандық Нураддин Новрузовты жықты - 12:6, ал 65 келіде Бекзат ирандық Сейедхассан Эбадимерметиден басым түсті - 8:5.
74 келіде финалға Нұрдәулет Қуанышбай шықты. Енді 18 тамызда ол америкалық Киган Дэниел Отулмен "алтын" үшін белдеседі.
Жарнама