Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облысындағы ауданға әкім болды

©"Егемен Қазақстан"

Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облысы Кеген ауданының әкімі болды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің және Кеген аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және Алматы облысы әкімінің өкімімен Нұрбақыт Теңізбаев Кеген ауданының әкімі қызметіне тағайындалды", - деп хабарлады Алматы облысының әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұрбақыт Теңізбаев 1983 жылы туған. "Дене шынықтыру және спорт", "Кеден ісі", "Дене шынықтыру мәдениетінің оқытушысы, күрес жаттықтырушысы", "Көлікті пайдалану және тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру" мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарында білім алған, 2014 жылы "Педагогика" бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасының грек-рим күрес федерациясының спорт-нұсқаушысы болып бастаған.

Әр жылдарда Астанадағы ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының грек-рим күресінен спорт-нұсқаушы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында, Алматының дене шынықтыру және спорт басқармасының № 12 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің әдіскері, директордың оқыту-спорт жұмыстары бойынша орынбасары, Алматы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры, сонымен қатар Панфилов ауданының маслихат депутаты қызметтерін атқарған.

Ол 2018 жылғы қазан айынан Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы лауазымын атқарып келді.

Нұрбақыт Теңізбаев грек-рим күресінің балуаны, жастар арасында әлем чемпионы (Ыстамбұл, 2003 жыл), 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Құрмет" орденінің иегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар