Борьба
Бүгін 10:40

Нұрасыл Аманалы Моңғолиядағы турнир финалында үндістандықтан жығылды

©ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирде күміс жүлдеге қол жеткізді.

97 келіге дейінгі салмақта Нұрасыл Аманалы финалға дейін жетті. Алтын үшін өткен белдесуде ол үндістандық Нитешпен күш сынасты.

Тартысты кездесуде 13:9 есебімен үндістандық балуан жеңіске жетті. Осылайша, Нұрасыл Аманалы турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Сондай-ақ 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлде үшін белдескен Сұлтан Әсетұлы Қырғызстан өкілі Жанторо Мирзалиевтен жеңіліп қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport