Нилуфар Раимова әлем чемпионы атанды!

©сурет: olympic.kz

Қазақстан құрамасы Ресейдің Уфа қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақта жерлесіміз Нилуфар Раимова финалда италиялық Аврора Руссоны 8:6 есебімен ұтты. Еске салайық, осыған дейін 74 келіде Нұрдәулет Қуанышбай әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанса, 57 келіге дейінгілер арасында Асылжан Есенгелді мен 65 келіде Бекзат Ермекбай қола жүлделермен марапатталды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар