Мақсат Исағабылов "Қазақстан барысы" атанып 25 миллион теңге сыйақы иеленді

©instagram.com/maksat_issagabylov

Мақсат Исағабылов "Қазақстан Барысы - 2022" турнирінде топ жарып, 25 миллион теңге сыйақы алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Финалдық белбесуде Қызылорда облысының балуаны Маңғыстау облысының намысын қорғаған Нұрдәулет Жарылғаповпен белдесті. Исағабылов бұл белбесуде 1 минут 52 секундта жеңді. Мақсаттың салмағы 120 келі болды. Ал оның қарсыласының салмағы 148 келі болған еді. 

Үшінші орынды қарсыласының жарақат алып, шықпауына байланысты Ғалымжан Қырықбек иеленді. 

Осы жеңісі үшін Исмағабылов 25 миллион теңге алды. Жарылғапов болса 5,5 миллион, Қырықбай 1,8 миллион теңге сыйақыға ие болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар