Болгарияның София қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда.
Бүгін қыздар арасындағы бәсеке басталды. 59 келіде ел намысын қорғаған Мадина Аман турнирдің қола жүлдесіне таласады.
Ол жартылай финалда венгриялық Виктория Борсоспен кездесіп, 6:7 есебімен жол берді.
Кіші финалда Мадина польшалық Александра Вероника Витоспен белдеседі.