Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Сербия астанасы Белградтағы турнирде 26 жастағы Сұлтанғали 1/2 финалда әлем біріншілігінің вице-чемпионы қырғыз Жоламан Шаршенбековке есе жіберді.
Белдесудің бірінші айналымында 0:3 есебімен қырғыз спортшысының пайдасына аяқталса, үзілістен кейін Шаршенбеков 0:7 есебімен жеңіске жетті.
Енді Айдос Сұлтанғалидің келесі қарсыласы 13 қыркүйекте жұбаныш белдесулерінен кейін белгілі болады.