Күрестен Түркиядағы халықаралық турнирде Қазақстан алтын жеңіп алды

©olympic.kz

Түркияда өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингілік турнирде Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz

72 келіде сынға түскен Жәмила Бақбергенова барлық қарсыласын тізе бүктірді. 

Ол Литва, Түркия, Ресей балуандарын жығып, ақтық сында германиялық Анна Карменн Шелді 8:2 есебімен жеңді. 

76 келіде белдескен Гүлмарал Еркебаева турнирдің қоласын қанағат тұтты. Ол кіші финалда АҚШ балуанын жеңе алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар