Күрестен Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы іріктелді

©Instagram/@kazakhstan__wrestling

11-16 сәуір күндері Қырғызстан астанасы Бішкекте күрестен Азия чемпионаты өтеді. Оған қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды. 

Азия чемпионатына қатысатын құрама тізімі ақпан айында ел чемпионатының нәтижесінде түзілген, көпшілігі финалда бақ сынаған. Сондай-ақ олардың қатарында әлем чемпионатында Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленген Азамат Дәулетбеков пен Нұрсұлтан Тұрсынов, сондай-ақ әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан да бар.

Азия чемпионатына қатысатын балуандар тізімі: 

Еркін күрес: 

57 келі: Мейрамбек Қартбай

61 келі: Асыл Айтақын

65 келі: Санжар Мұхтар

70 келі: Мейіржан Әшіров   

74 келі: Талғат Сырбаз

79 келі: Азамат Өміржанов

86 келі: Азамат Дәулетбеков

92 келі: Әділет Даулембаев

97 келі: Ризабек Айтмұхан

125 келі: Абылай Совет

Грек-рим күресі:

55 келі: Нұрзат Қабдырахимов

60 келі: Ғалым Қабдунасыров

63 келі: Ержет Жарылғасов

67 келі: Алматбек Аманбек

72 келі: Николай Хапко

77 келі: Ибрагим Магомадов
82 келі: Евгений Поливадов

87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов

97 келі: Юсуф Мациев

130 келі: Мансұр Шадукаев

Күрес түрлерінен Қазақстан құрамасында Париж ойындарына әзірге 2 жолдама ғана бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар